Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

2025 жылдан бастап кімдердің мобильді аударымдары қадағаланады?

0

Биыл жыл басынан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдарына қатаң бақылау енгізілді. Бұл кәсіпкерлерді өз ісін адал жүргізуге үйретті. Ал 2025 жылы кімдердің мобильді аударымдары тексеріледі? Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Кімдердің мобильді аударымдары бақылауда?
Комитет мәліметінше, барлық Қазақстан азаматының мобильді аударымдары қатаң бақылауға алынбайды. Мониторинг үш ай ішінде ай сайын 100 және одан да көп түрлі жөнелтушілерден қаражат түсетін шоттар бойынша жүргізілетінін нақтылады. Бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі болып саналады.

"Тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер бақылау саласынан шығарылады".

Мобильді аударымдарды тек жеке мақсатта пайдаланатын жеке тұлғалар үшін шектеулер жоқ.
Айта кетейік, бұзушылықтар анықталған жағдайда айыппұлдардан (15-тен 50 АЕК-ке дейін) дара кәсіпкер (ЖК) ретінде міндетті тіркеуге дейін шаралар қабылданады. Мысалы, жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын жеке тұлғалар Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес жеке кәсіпкерді тіркеуге міндетті.
2025 жылға жоспар
МКК 2023 жылдан бастап банктерден мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының аударымдарын, ал биылдан бастап - квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің аударымдары туралы деректерді ала бастады. 2025-2026 жылдарға қарай мониторинг жүйесіне ЖК, заңды тұлғалардың басшылары мен қалған халықты қосу жоспарланған.

"Көптеген кәсіпкер қазір салық міндеттемелерін адал орындау әлдеқайда тиімді екенін түсінді. Мобильді аударымдарға бақылау енгізілгеннен кейін көптеген адам QR-кодтарды немесе банк терминалдарын қолдана бастады", - деп хабарлады МКК.

Сонымен қатар МКК үш ең төменгі жалақыдан асатын аударымдар сомасына лимит енгізу арқылы бақылау критерийлерін толықтыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтауға мүмкіндік бермек.
Еске салайық, қазақстандық азаматтардың мобильдік аударымдары 2024 жылдың басынан бері тексеріледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

«Я слишком стара, но иду дальше». Списанная русская теннисистка покоряет Австралию и готова мстить за Мирру






Какой сегодня праздник: 22 января – День попкорна

«Играла на русском, думала на испанском, с Сашей Петровым общалась на английском»

Московская «Неделя памяти» открылась выставкой о Праведниках народов мира

Актеру Петрову пришлось успокаивать Барбару де Рехиль на съемках «Василия»