Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Министрлік: Қазақстанда 30 адамнан метапневмовирус анықталды

0
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қазанынан бері 30 адамнан метапневмовирус анықталды деп хабарлады 5 қаңтарда денсаулық сақтау министрлігі. Ведомствоның айтуынша, бұл әлемнің көптеген елінде "ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі". 


"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында (1 қазанынан бері – мин.) республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген. Оның ішінде оң 1866 (22%), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%)" деп жазылған министрлік хабарламасында. 


Ведомствоның айтуынша, метапневмовирус негізінен ауа арқылы тарайды. Аурудың негізгі белгілері – жөтел, тұмау, ентігу, дене қызуы, бас ауруы. 


Жедел респираторлық вирустық инфекция (ОРВИ) мен тұмаудың маусымға сай өршіп жатқанын алға тартқан министрліктің мәліметінше, 1 қазаннан бастап елде 2 миллионнан астам адам жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан. 


Кейінгі күндері кейбір басылымдар Қытайда "метапневмовирусы өршігені" жөнінде жазған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі әзірге реакция білдірген жоқ.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Зарина Дияс

Зарина Дияс на разгроме и камбэке пробилась в основную сетку турнира в Таиланде






В Карелии спасли 11 провалившихся под лед людей на снегоходах

Подростки избили сотрудника пункта выдачи в Москве ради кражи телефона

Merkur: Из-за железной хватки Путина Европу охватила газовая паника

Патриарх Кирилл начал рождественское богослужение в храме Христа Спасителя