Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025

"Жойылған қызмет". Түркістан облысының әкімі президент әкімшілігіне ауысты

0
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қызметінен босатылып, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 6 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай жарлыққа қол қойды.


Президент әкімшілігі басшысының орынбасары деген қызмет 2023 жылғы 1 қыркүйекте жойылған еді.


Сол кезде президент әкімшілігінің құрылымы өзгерген. Әкімшіліктегі төрт бөлім қысқарып, жаңа құрылымға президент әкімшілігінің басшысы, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, президент кеңсесінің басшысы, президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, президент әкімшілігінің бөлімдері қосылған.


Тоқаевтың жарлығына сәйкес, президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары қызметінен босатылған. Олардың бірқатары кейін президенттің көмекшісі, кеңесшісі болды.


Дархан Сатыбалдыға дейін жойылған қызметте Тимур Сүлейменов отырған еді. Өзгерістен соң ол Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған.


Қазір президент әкімшілігін Айбек Дәдебай басқарады.




Дархан Сатыбалды Түркістан облысын 2022 жылғы тамыздан бері басқарып келді. Оған дейін Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болған.


Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы болған, сенат депутаты болып сайланған.


6 қаңтарда Түркістан облысының мәслихаты жаңа облыс әкімін тағайындауға келісім беру мәселесін дауысқа салмақ.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Калинская снялась с матча по ходу полуфинала турнира WTA в Сингапуре






Венки и скорбящий Чебурашка. Как выглядит могила Эдуарда Успенского сегодня

"К ноге" - Путин сказал, что будет дальше: Так откровенно детали ещё не расписывали

Первый зарубежный визит Лукашенко после переизбрания совершит в Россию

В подмосковном озере обнаружили пятно неизвестного происхождения