Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025

Антикор “Еңбек“ РМК басшыларының ұсталғаны түсірілген видеоны көрсетті

0

"Еңбек" РМК басшылары жемқорлықпен әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
Астана бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ ЖҚД бірлесіп Астана прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК басшыларын бірнеше рет пара алу бойынша әшкереледі.

"Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы - құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді", - делінген хабарламада.

Соттың санкциясы бойынша күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Рыбакина начала работать с бывшим тренером Динары Сафиной






Выставки и олимпиада: В честь 100-летие преставления святителя Тихона в Тверской области пройдут различные мероприятия

Суд арестовал замглавы Дмитровского округа Ионова по делу о получении взятки

Предложение квартир в новостройках Краснодара выросло на 30%

Собянин: жители Коптева получили новые квартиры по программе реновации