Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30
31

Банк картаңызға 300 мың теңге аударым түссе - тексеруді күту керек пе?

0

Қазақстандықтардың банк картасына 300 мың теңге аударылуы фискалдық органдар тарапынан тексеру жүргізуге негіз бола ма? Бұл сұраққа Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сұраққа жауап бере отырып, Құсайынова тексеруге негіз тек үш ай ішінде 100-ден астам түрлі тұлғалардан аударым жасалған жағдайда ғана болатынын еске салды. Бір аударым тексеруге жатпайды.

"Егер үш ай қатарынан әр айда 100 және одан да көп әртүрлі адамдардан аударымдар болса, олардың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 3 еселенген мөлшерінен (2025 жылы 255 000 теңге) асып кетсе. Бұл отбасындағы мүшелерге де қатысты болуы мүмкін – егер үш ай қатарынан ай сайын той болса (ақша аударымдары болса. – авт. еск.), онда тексеруге түсуіңіз мүмкін", – деді басқарма басшысы брифинг барысында.

Құсайынова 2025 жылдан бастап банктерден ақпарат жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және олардың жұбайлары бойынша салық органдарына берілетінін еске салды.

"Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, себебі көптеген кәсіпкерлер тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарына мобильді аударымдар арқылы алады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті емес жеке тұлғаларға арналған қолданыстағы критерийлерге өзгерістер енгізіліп жатыр", – деп толықтырды Дина Құсайынова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

Джокович снялся с полуфинала Australian Open в Мельбурне






Калининградский морж из МЧС завоевал в Беларуси «серебро»

Правительство ФРГ резко ухудшило оценку роста экономики Германии, — Handelsblatt/Франция призывает к «масштабной регуляторной паузе», начав с ESG, — Bloomberg

Вячеслав Франк поздравил жителей Барнаула с Днем студента

Суд обязал вернуть деньги на счету в Монако дочери основателя Б. Ю. Александров