Тоқаев әділет министрін ауыстырды
Есқараевтың қызметтен кету себебі түсіндірілмеді. Ол бұл қызметке 2023 жылы қаңтарда келіп, 2023 жылы сәуірде қайта тағайындалған.
2024 жылы ақпанда жаңа премьер-министр тағайындалған шақта ол осы қызметін сақтап қалған еді.
50 жастағы Ерлан Сәрсембаев 2023 жылдың қаңтарынан бері Конституциялық сот судьясы болған. Оған дейін 2019-2022 жылдар аралығында сенат аппаратының халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздігі жөніндегі комитетпен өзара қарым-қатынас бөліміне жетекшілік еткен. Сенатқа дейін қауіпсіздік қызметі органдарында түрлі қызмет атқарған.