Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

АҚШ Ресей мұнайын тасымалдайтын екі ірі компанияға санкция салды

0
АҚШ Ресей мұнайын тасымалдайтын екі ірі компания – "Газпром нефть" және  "Сургутнефтегаз" компанияларына санкция салды. 


Санкцияға "Газпром нефть" компаниясының басқарма төрағасы Александр Дюков, сонымен бірге екі ірі сақтандыру компаниясы – "АльфаСтрахование" және "Ингосстрах" ілінген. Бұған қоса, ресейлік-сербиялық "Сербияның мұнай индустриясы" компаниясына да шектеу қойылған. Аталған компания акциясының 56,15 пайызы "Газпром нефть" пен "Газпромға" тиесілі. 


Жаңа санкция тізімінде 37 адамның аты-жөні бар, арасында "Лукойлдың" негізін қалаушы Вагит Алекперовтің ұлы Юсуф Алекперов, "Зарубежнефть" жетекшісі Сергей Кудряшов, "Башнефть" жетекшісі Владимир Чернов, "Татнефть" басшысы Наиль Маганов, "Росатом" басшысы Алексей Лихачёв та бар.


Американың қаржы жүйесіне аталған тұлғалар мен компаниялармен қаржылық байланыс жасауға тыйым салынды. Санкция ресейлік ірі кеме компаниясы "Совкомфлотқа" да қатысты. Әртүрлі елдердің туымен мұнай таситын 183 танкерге шектеу қойылған. Бұлар Ресей мұнайы және мұнай өнімдерін Батыс санкциясының шарттарын бұза отырып тасыған деп айтылады. 


Олардың арасына Нұрсұлтан Назарбаев атындағы танкер де бар деп жазды Bes.media. Танкерді құрастыру бойынша салтанатты рәсім 2020 жылы 6 шілдеде  – Қазақстанның бірінші президентінің 80 жылға толуына орай өткен.


Танкерге Назарбаев атын беру туралы шешімді Ресей үкіметі қабылдаған. Бұл оның "Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген" деп айтылады. 


Танкер шикі мұнай мен өзге де сұйықтық заттарды тасымалдайтын "афрамакс" санатына жатады. Оның ұзындығы – 250 метр, ені – 44 метр. 114 мың тоннаға дейін жүк тасымалдай алады. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Джессика Пегула

Джессика Пегула обыграла Юлию Путинцеву в матче за выход в финал турнира в Аделаиде






Премьер Эгеде заявил, что жители Гренландии не хотят быть американцами

Байден заявил, что не намеревался дать Трампу санкциями рычаг воздействия на РФ

Тропический воздух принесет в Москву "апрельскую" погоду

Источник 360.ru: хлопок прозвучал в жилинспекции на западе Москвы