Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Динара Зәкиева 10 жастағы қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады

0

Қазақстанның балалар құқығы жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева 10-11 жастағы қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Блогер Құлпынай Қалменова бұрынғы күйеуі 10-11 жастағы қыздармен хат алмасқанын жариялаған болатын. Бұл әлеуметтік желіде шу тудырды.
Бұл жағдайға қатысты Қазақстанның балалар құқығы жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеме жасады.

"Аталған жағдай бойынша мен және заңгер кеше блогермен байланысқа шықтық. Қалалық прокуратурамен бірге процестік шешім қабылдау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Уәкілетті органдармен бірлесе отырып, балалардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз", - деді Динара Зәкиева.

Сондай-ақ балалар құқығы жөніндегі уәкіл ата-аналарды қырағы болуға шақырды.

"Баланың кіммен араласатынын әрдайым бақылап, оған қауіп-қатерлер, соның ішінде әлеуметтік желілердегі қауіптер жайлы айтып отыру, сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінде мектептерде енгізілген қауіпсіздік сабақтары аясында қаралатын тақыраптарды талқылау маңызды. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген күмәнді жағдайларды 102 немесе 111 нөмірлеріне хабарлау қажет", - деп ескертті ол.

Ол өткен жылы он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу бойынша 33 қылмыстық іс тіркелгенін атап өтті.

"Еске сала кетейін, өткен жылы қабылдаған әйелдер құқықтары мен балардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң аясында он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу үшін жаңа қылмыстық бап енгізілді. Аталған бап бойынша маусым айынан бері 33 қылмыстық іс тіркелді, бұл осындай әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге және ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді", - деді Динара Зәкиева.

Еске салайық, танымал блогер Құлпынай Қалменова желіде күйеуімен ажырасуына кішкентай қыздармен көңіл жарастырып, педофилизмге бой алдырғаны себеп болғанын жазды. Блогер бұрынғы күйеуі Қолғанаттың ұялы телефонынан кішкентай қыздармен сөйлескен хаттарын, бірге түскен фотоларын тауып, оны желіге жариялады.
Блогер 10-11 жастағы қыздардың аналарына сол күні ескерткенін айтты. Алайда кішкентай қыздардың аналары бұл жағдайға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын жеткізді. Ол таратқан видеода күйеуінің Whatsapp-та екі кішкентай қызды "Айшам" және "Тырысқағым" деп сақтап қойғанын байқауға болады. Сондай-ақ ол қыздарға түнде "ғашық болып қалдым", "кешірші, жаным" деп жазған.
Кейін Қолғанат Жұмабаев қыздардың ата-аналарымен видео жариялады. Ол жерде қыздардың ата-аналары Қолғанат оларға аға ретінде қарайтынын және Құлпынай Қалменованы сотқа беретінін айтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

Теннисистка Блинкова выиграла первый круг Открытого чемпионата Австралии






Росавиация: 33 самолета с рейсами на Петербург перенаправили в аэропорты Москвы

Нежнейшая орхидея расцвела в Ботаническом саду МГУ

Собянин: Более 4 тысяч инженеров прошли обучение в «Московской технической школе»

Эволюция смертельных грибков: как пожары в США могут вызвать новую пандемию