Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Арал теңізінде су көлемі ұлғайды

0

Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде теңіздегі су көлемі 42 пайызға ұлғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теңіздегі су көлемі 27 миллиард текше метрге жеткен. Теңіз суының тұздылығы төрт есеге жуық төмендеп, жыл сайынғы балық аулау көрсеткіші 8 мың тоннаға дейін жетті.
Су ресурстары және ирригация министрлігі "Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру" жобасын әзірлеп жатыр. Жоба 3 негізгі бағытты қамтиды. Оның ішінде Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру да қарастырылған.
Айта кетейік, Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы Аралға 2,6 млрд текше метрге жуық су жіберді. Оның ішінде суару кезеңінде рекорд көлем - 1 миллиард текше метр су барды.
Министрлік мәліметінше, бұл Сырдария суын дұрыс бөлу және оны үнемдеудің нәтижесінде мүмкін болды. Салыстырмалы түрде 2022 жылы Аралға бар болғаны 816 млн текше метр су жіберілген еді.

"Бұл нәтижелер - соңғы екі жылда жүргізілген жүйелі жұмыстың жемісі. Біз су үнемдеу, трансшекаралық өзендердегі су ресурстарын әділ бөлу мәселесінде көршілес елдермен өзара түсіністікке қол жеткізіп, нақты қадамдар жасадық. Алдағы уақытта да осындай келіссөздерді жалғастыра отырып, маңызды су қоймаларының деңгейін тұрақты ұстап тұруға бар күшімізді саламыз. Аралды қалпына келтіруге бағытталған жоба ең алдымен өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, балық шаруашылығы мен туризмді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

Джокович не предоставил доказательств того, что его отравили в Австралии






В правительстве Белгородской области начнут следить за опозданиями чиновников

Традиционная выставка «Русский сувенир» декоративно-прикладного творчества открылась в Ново-Переделкино

Ростов-на-Дону вошёл в пятёрку самых читающих городов России

Московские поисковики открыли полевой сезон 2025 года в Тверской области