Ақтауда ойын алаңы маңында баланы көлік қағып кетті
Басылым мәліметінше, оқиға 29-шағынауданда №22 үйдің жанында болған.
Hyundai Accent маркалы көлік Mercedes көлігімен соқтығысып, инерциямен балалар алаңына кіріп кеткен. Сол сәтте алаңда болған бала зардап шегіп, балалар ауруханасына жеткізілген.
Қалалық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Осы факт бойынша Mercedes көлігінің жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды", – деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!