Жапонияда күшті жер сілкінісі болды
Жапонияның оңтүстік-батысында магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі болды. Осыдан кейін өңірде цунами туралы ескерту жарияланды. Қазіргі уақытта бұл ескерту алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK мәліметіне сілтеме жасап.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақытпен 21:19-дан кейін болған. Осыған байланысты Кюсю аралындағы Миядзаки префектурасында, сондай-ақ Жапонияның оңтүстігіндегі Коти префектурасында ескерту жарияланды.
Жер сілкінісінен кейін шамамен 30 минут ішінде биіктігі шамамен бір метр болатын алғашқы цунами толқыны жағалауға жетті.
Билік цунами туралы ескертуді дүйсенбі күні кешкісін алып тастады, бірақ жергілікті тұрғындарға теңізден және жағалаудан аулақ болуға шақырып жатыр. Себебі екінші және үшінші толқындар алғашқы толқыннан биік болуы мүмкін деп ескертілген.
Синоптиктердің айтуынша, осы ауданда дәл осындай күшті жер сілкіністері болса, жартастардың құлауы және тастардың домалауы тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін.
Жапонияның көп бөлігі Тынық мұхитының отты сақинасында орналасқан, бұл аймақ қарқынды сейсмикалық және вулкандық белсенділігімен танымал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!