Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшіктегі деректер Қазақстанға қайтарылды

0

Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының қара жәшіктері Бразилиядан Қазақстанға қайтарылып, Ақтаудағы әуе апаты туралы қорытынды шығару үшін комиссияға берілді. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылған тәжірибесіне сәйкес Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиясы барлық деректер мен материалдарды мұқият зерделегеннен кейін алдын ала есеп жариялайды. Бұл есепте анықталған нақты мәліметтер мен тергеу барысы туралы ақпарат беріледі", – делінген хабарламада.

Қазақстанға жеткізілген борттық жазу құрылғыларын ашу арқылы алынған деректерді де мамандар зерттеп жатыр.
Баку – Грозный бағытындағы ұшақтың Ақтау маңында апатқа ұшырауы
2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының AHY8243 рейсімен Баку (Әзербайжан) – Грозный (Ресей) бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Ұшақ Баку әуежайынан Астана уақыты бойынша 08:49-да жоспарланған уақыттан 11 минут ерте ұшып шыққан. Грозныйда қалың тұман болғандықтан, ұшақ алдымен Махачқалаға, кейін Ақтауға бағытталады. Каспий теңізінің үстінде ұшып бара жатқанда, экипаж "төтенше жағдай" сигналын (squawk 7700) берді. Ұшқыштар шұғыл қонуға рұқсат сұрап, әуежай ұшақты қабылдауға дайындалған. Алайда 11:30-да ұшақ әуежайдан 3 шақырым қашықтыққа құлады.
Оқиғаның ресми себебі әлі белгісіз. БАҚ-та түрлі болжамдар айтылып жатыр, соның ішінде ұшақтың қозғалтқышына құс кіріп кетуі немесе салонында оттегі баллонының жарылуы ықтимал екені туралы деректер бар. Қара жәшік сол күні кешке табылды, енді мамандар оның деректерін ашуға кіріседі.
Тергеу
Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Бас прокуратурасының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативті топ құрылды. Оның құрамына көлік прокуратурасы, ІІМ және ТЖМ мамандары кірді. Тергеу Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында. Embraer компаниясының мамандары Қазақстанға ұшып келді.
Ұшақта қанша жолаушы болған
Қазақстан ТЖМ мәліметі бойынша, ұшақ бортында 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған:

42 Әзербайжан азаматы;
16 Ресей азаматы;
6 Қазақстан азаматы;
3 Қырғызстан азаматы.

Тірі қалғандардың арасында Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары бар. Біздің мәліметіміз бойынша, осы уақытқа дейін апаттан 29 адам аман қалды, бірақ кейбіреулерінің жағдайы ауыр. Қазақстандықтардың арасында тірі қалғандар жоқ.
Қайтыс болған қазақстандықтардың тізімі:

Төлесінов Сәндібек Екибайұлы, 16.11.1988 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.
Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.
Махсұдова Галина Растамбекқызы, 12.01.1978 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Ақтау қаласында тұрған.
Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 жылы туған, Алматы қаласының тумасы, Астана қаласында тұрған.
Жұмағат Эльдар (Гаухар Шаймерденованың ұлы), 23.08.2013 жылы туған, Астана қаласында тұрған.
Жутаева Сәлима Аманжолқызы, 21.02.1995 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, Қарағанды қаласында тұрған.

26 желтоқсанда таңертең тоғыз жараланған Ресей азаматы Мәскеуге жеткізілді. Апаттан аман қалған Әзербайжан азаматтарын да отандарына жеткізу жоспарланған. Тірі қалған экипаж мүшелерінің арасында бортсеріктер Айдан Рагимли мен Зульфугар Асадов бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Даниил Медведев

Australian Open. Расписание на вторник. Медведев сыграет в 6 утра по Москве, Касаткина и Хачанов – первым запуском, Рублев – последним






Около 1,5 кг прекурсоров наркотиков обнаружено у пассажира такси в Москве

Белоусов: в Москве и восьми городах-героях к 80-летию Победы пройдут парады

Уехал из России и исчез, а сейчас всплыл в Британии. Где пропадал Еременко — скандальная легенда РПЛ?

Захарова: Байден в заключительной речи рассказал, как и кому вредили США