Алматы облысындағы тасжолда әскери көліктер “түсіп қалды“
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды.
"Бейнежазбада МТ-ЛБ (көп мақсатты жеңіл броньды тасымалдаушы-тартқыш, "Объект 6", "мотолыга", "мотолаба") – жетілдірілген көпмақсатты кеңестік жауынгерлік машина. Заречный маңындағы тасжол аумағы", - делінген сипаттамада.
"ҚазАвтоЖол" Алматы - Өскемен автожолында әскери техниканың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы шұғыл ақпарат берді.
"2025 жылғы 15 қаңтар сағат 13:40 шамасында "Алматы-Өскемен" автожолының оңтүстік бағытының 56 шақырымында "Цзефан" автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан келе жатқанда тралдан екі бірлік әскери техниканы түсіріп алды.
Нәтижесінде техника жүру бөлігіне аударылып, сүйемелдеп келе жатқан "Ssang Yong Actyon автокөлігімен соқтығысты", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!