Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Израиль үкіметі ХАМАС-пен келісімді мақұлдады

0
Израиль үкіметі атысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы ХАМАС-пен жасалған келісімді мақұлдады. ХАМАС АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым танылған. 


Үкімет отырысы 7 сағатқа созылды. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, 24 министр келісімді қолдап дауыс берген, тағы сегіз адам қарсы болған. Келісімге қарсылардың арасында әсіреоңшыл көзқарастағы екі министр бар: ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир және қаржы министрі Бецалель Смотрич. Бұған қоса, басқарушы "Ликуд" партиясының екі мүшесі де қарсы дауыс берген. 


Бұған дейін келісімді Израильдің әскери кабинеті мақұлдаған еді. Енді келісім бойынша ХАМАС 42 күнге созылатын алғашқы кезеңде 33 тұтқынды босатуы керек. Алғашқы үш тұтқын 19 қаңтарда босатылады деп айтылады.  


Израиль есесіне жүздеген палестиналық тұтқынды босатуға уәде берді: әрбір израильдік тұтқын үшін – 30 палестиналық, әрбір израильдік әскери қызметкер үшін 50 тұтқын бостандыққа шығарылмақ. 


2023 жылы 7 қазанда Израильдің оңтүстігінде ХАМАС шамамен 250 адамды тұтқындаған еді. 2023 жылғы алғашқы тұтқын алмасу кезінде 105 адам босатылған. ХАМАС-та әлі жүзге жуық адам тұтқында отыр. Шамамен 30-ы мерт болған. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Янник Синнер

Хавбек "Пари НН" Калинский: Синнер - адекватный парень, одобряю выбор сестры






«Буду помнить ее доброту»: знакомые блогерши Миро высказались о ее смерти

Жителей Поморья приглашают к участию во всероссийском проекте «Многодетная Россия»

Роскомнадзор составил протокол на Discord за отказ локализовать данные россиян

Жители Кубани смогут увидеть «малый парад планет»