Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Израиль Үкіметі ХАМАС-пен бітімгершілік келісімін мақұлдады

0

Израиль үкіметі ХАМАС тобымен Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынған израильдіктерді босату туралы келісімді бекітті. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі 18 қаңтарға қараған түні мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, атысты тоқтату және кепілге алынған адамдарды босату 19 қаңтарда басталады. Министрлер кабинетінің отырысы сегіз сағатқа созылған.

Америкалық Axios порталының мәліметі бойынша Нетаньяхудың коалициялық Үкіметіндегі 24 министр келісімге келу туралы дауыс берді, ал сегізі қарсы болды.

Бұған дейін Израильдің әскери-саяси кабинеті ел Үкіметіне Газа секторындағы атысты тоқтатуға және кепілге алынғандарды босатуға бағытталған ХАМАС келісімін қабылдауға кеңес берген болатын. 17 қаңтарда премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі келісім министрлер кабинетінің қарауына берілгенін хабарлады.

Израиль және Еуропалық Одақ пен АҚШ-та террористік деп танылған палестиналық ХАМАС тобының өкілдері атысты тоқтату және кепілге алынғандарды алмасу туралы келісімге 15 қаңтарда қол жеткізгені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Тейлор Фриц

Фриц: Ужасно вылетать в третьем круге






Карась дуреет: откуда пошел мем про прикормку и что он означает

Личный враг Алиева: Азербайджан истязает экс-главу Нагорного Карабаха Рубена Варданяна и фальсифицирует документы для суда над ним

Овчинский: Два дома по программе реновации построили на северо-западе Москвы

«Единая Россия» организовала поездку в Москву для детей участников СВО