Газа секторындағы атыс қашан тоқтайтыны белгілі болды
Газа секторындағы атыс осы жексенбіде, 19 қаңтарда тоқтатылуы керек. Бұл туралы Қатардың Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Газа секторындағы атысты тоқтату жексенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-да басталады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Израиль үкіметі ХАМАС-пен бітімгершілік келісімін мақұлдағаны хабарланды.
Израиль үкіметі ХАМАС тобымен Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынған израильдіктерді босату туралы келісімді бекітті. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі 18 қаңтарға қараған түні мәлімдеді
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!