Алматыда жұмысшы биіктен құлап мерт болды
Алматыда өнер мұражайының құрылыс алаңында биіктен құлаған жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қайғылы оқиға әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан жаңа өнер мұражайының құрылыс алаңында болған.51 жастағы жұмысшы биіктен құлап, алған жарақаттарынан жан тапсырды.
Куәгерлер полиция мен жедел жәрдем келген сәтті видеоға түсіріп алған.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр", - деді полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!