Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025

Сот Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ельді тұтқындауға ордер берді

0
Жексенбі күні Сеул соты қызметінен шеттетілген Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ельді қамауға ордер берді. Ол әскери төңкеріс жасамақ болды және билік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Ол 15 қаңтарда ұсталды. 


Судьяның пікірінше, Юн бостандықта жүрсе, өзі күдікке ілінген іске қатысты айғақтарды жоюы мүмкін. Оған ресми түрде айып тағылғанға дейін ол 20 күн қамауда болады деп жазды "Ренхап" агенттігі.


Ордер берілгеннен кейін президенттің жақтастары сот ғимаратының терезелерін сындырып, ішке кірмек болды. Бір мезетте саясаткердің қарсыластарының да акциясы да өтті. Олар оны қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп санайды. Сот ғимаратындағы тәртіпті жүздеген полицейлер бақылады. 


Желтоқсан басында Юн Сок Ель парламентті бақылауға алған оппозициямен күресін жалғастыруға талпынып, елде әскери жағдай енгізбек болған. Бұдан кейін парламент оны елде "төңкеріс жасамақ болды" деп айыптап, 14 желтоқсанда оған импичмент жариялаған.


Конституциялық сот оны биліктен уақытша немесе түбегейлі түрде шеттету туралы шешім әлі қабылдамаған.


Юнның өзі желтоқсанда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыпты жоққа шығарып, мұндай қадамға "үкіметтің жұмысын тұралатқан оппозициядан мемлекетті қорғау үшін" жасауға мәжбүр болғанын айтқан.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Рублёв вышел в четвертьфинал турнира ATP-250 в Монпелье






Как оформить ДТП по европротоколу на «Госуслугах»

Москвичей предупредили о морозах до минус 12 градусов на следующей неделе

«Стадион не заполнит дыру внутри»: помогает ли сцена проживать эмоции? Отвечают комики

Газпром принял участие в учениях Безопасная Арктика - 2025