Өзбекстанға былтыр шетелде қайтыс болған 483 еңбек мигранты жеткізілген, олар заңды түрде жұмыс істеген
Көші-қон агенттігінің мәліметінше, қайтыс болғандардың көбі Ресейде (474) жұмыс істеген. Түркиядан – 5, Оңтүстік Корея мен Қазақстаннан төрт адамның сүйегі жеткізілген.
Агенттік басқармасының басшысы Нигора Исроилованың айтуынша, марқұмдарды жеткізу шығынын мемлекеттік бюджет есебінен жапқан. Мұндай қызмет бағасы әр елде әртүрлі: 1000 доллардан (Ресей) бастап, 4000-5000 (Ұлыбритания) және 9000 доллар (Оңтүстік Корея, Жапония) аралығында.
Агенттік былтыр шетелде қиын жағдайға тап болған 775 ел азаматы мен ауыр жараланған 182 адамды Өзбекстанға қайтарған.