Сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебектің ұсталуы: полиция мәлімдеме жасады
Алматы полициясы QazNews24 атты сатиралық паблик авторы Темірлан Еңсебектің екі ай мерзімге қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz сауалына берген ресми жауабында полиция бұл іс сатиралық жазбаларға байланысты қозғалмағанын айтқан.
"Себебі басқада: ол этносаралық алауыздықты қоздырудың айқын белгілері бар жазба жариялаған", - деп түсіндірді полциия.
Полицейлер көп ұлтты Қазақстанда мұндай іске жол берілмейтінін айтты.
"Мұндай іс-әрекеттер біздің мемлекетіміздің негізгі қағидаттарының бірі саналатын этносаралық келісім мен халықтың бірлігіне нұқсан келтіреді. Мұндай іс үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабында көзделген", - деді полиция.
Полицияның мәліметтері бойынша "жаппай іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібін бұза отырып, рұқсат етілмеген жеке пикеттерге шыққан" бірнеше азамат сот шешімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда белгілі паблик авторы ұсталғаны, ол 7 жылға дейін сотталуы мүмкін екені хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!