Жапаров Қырғызстанның Қытайдағы елшісіне сөгіс жариялады
Ресми ақпаратқа қарағанда, сөгіс елшінің президент Жапаровтың Қытайға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық кезінде жіберген өрескел қателігі және «мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас этикасын бұзғаны үшін» жарияланған.
«Жапаровтың Қытайға мемлекеттік сапарын дайындау кезінде рұқсатсыз Қытай тарапына ауызша нота жолдау түріндегі өрескел қателігі үшін сөгіс жарияланды» деп жазылған ресми хабарламада.
Ақтілек Мұсаева Қырғызстанның Қытайдағы елшісі болып 2022 жылдың күзінде тағайындалған. 2009-2013 жылдары Пекиндегі Қырғызстан дипломатиялық өкілдігінде бірінші хатшы және елшінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Осыған дейін Садыр Жапаров ақпан айының басында Қытайға мемлекеттік сапармен баратыны айтылған.