Бес тәулік бойы жолда болған: құтқарушылар жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті
Құтқарушылар Жамбыл облысындағы қатты аяздың салдарынан Қордай асуында қалып қойған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсету операциясын сәтті аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Трэкол" арнайы техникасымен төрт құтқарушы оқиға орнына жетіп, ауыр жағдайда қалған жүргізушіні тапты.
Көлік ұзақ уақыт бойы аязда тұрғандықтан, жанармай қатып қалған, ал жүргізуші бес тәулік бойы жолда болған.
Құтқарушылар зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетіп, оның денсаулық жағдайын тексерді. Көліктің жұмыс қабілетін қалпына келтіруге көмектесті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!