Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

WP: АҚШ Сирияның жаңа билігіне ДАИШ туралы барлау деректерін берді

0
АҚШ террористік ДАИШ ("Ислам мемлекеті") тобынан төнген қатер жөнінде барлау деректерін Сириядағы жаңа билік өкілдері – "Хайят Тахрир аш-Шам" ұйымына берді. Көптеген ел соңғы аталған ұйымды да террористік топ ретінде таныған. Бұл жөнінде Америка шенеуніктеріне сүйенген The Washington Post басылымы жазды. Вашингтон екі топты да террористік ұйымдар қатарына кіргізген. 


Дереккөздің айтуынша, Вашингтон мен Сирияның жаңа билігі былтыр 8 желтоқсанда Башар Асад режимі құлағаннан кейін екі апта өткен соң алғаш рет байланыс орнатқан. Ол кезде "Хайят Тахрир аш-Шам" бастаған үкімет әскеріне қарсы топ Дамаскіні басып алған, ал Асад Ресейге қашып бас сауғалаған.  


The Washington Post басылымының жазуынша, барлау деректері делдалсыз тіке тапсырылған. 


Осындай дерек алмасудың нәтижесінде қаңтарда Дамаскідегі шииттердің киелі орны "Хайят Тахрир аш-Шам" шабуылынан аман қалған деп айтылады. 


Басылымның жазуынша, барлау деректерімен бөлісу ДАИШ-ті тежегісі келетін екі жақтың мүддесіне сай және бұл АҚШ-тың "Хайят Тахрир аш-Шамды" мойындағанын білдірмейді. 


Американың бұрынғы шенеунігінің сөзінше, бұл барлау дереккөзіне қатер төндірмеген жағдайда өзге шет мемлекетке төнген қатерді ескерту міндеттемесіне сәйкес келеді. 


Орталық барлау басқармасы түсініктеме бермеді, алайда шенеуніктердің бірі дерек беруді қалыпты тәжірибе екенін айтты. Оның сөзінше, ерекше қатер кезінде Ресей және Иранмен де осыған ұқсас алмасулар болып тұрады. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Арина Соболенко

Соболенко расплакалась после поражения в финале Australian Open






Фонд поддержки и развития отечественной литературы «Новый мир» получил помещения в центре столицы

«Циан»: денег от продажи жилья в регионе не хватит на равноценное в Москве

Умер актер и один из основателей АКАР Игорь Янковский

Собянин заявил, что весь московский снег «увезли в Питер»