Театр тек қана қызықпа, әлде рухани азықпа?
Театр деген 21 ғасыр адамдары үшін не? Театрға деген қаншалықты қызығушылығы мол адамдар бар? Театр халыққа кандай әсер сыйлайды?
Театр елімізде сонау ХХ ғасырдан бастап көрерменге жол тартқан рухани демалыс орны. Алғашында қазақ театрлары жыр- дастандар негізінде қойылған болса, бүгінде театр сахналары авторлық және шет елдік шығармалар желісіне негізделген қойылымдармен де сахналануда. Казіргі таңда әр қалада кемінде 2-3 театр бар, олардын әрқайсысы өз алдына танымалдылыққа ие. Өнер сүйер қауымның театрға деген қызығушылығы бірте-бірте өсіп келеді. Ғаламтор платформаларындағы орын санының лезде бітіп кетуі, қойылымдардағы аншлаг менің сөзімді айқындайды. Мысалы, Астана қаласындағы ең танымал театрдың бірі "Музыкалық жас көрермен" театры...