Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Алматыда "Дикий Арман" ісі бойынша 44 адамға сот үкімі шықты

0
27 қаңтарда Алматыда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде "адам ұрлау", "билігін асыра пайдалану", "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" қылмысты әрекеттерге қатысы бар деген айып тағылған 44 адамға сот үкімі шықты.


Сот "Дикий Арман" деген лақап атқа ие Арман Жұмагелдиевке – 20 жыл, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге – 8 жыл түрме жазасын кесті. Осы іс бойынша айып тағылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға түрмеге қамалды және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.


Сот бұл үшеуінен өзге, осы іс бойынша айып тағылған 41 адамның барлығын кінәлі деп танып, оларға 1 жыл 3 айдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас еркіндігінен айыру жазасын кесті.


Сот процесі Алматыдан 20 шақырым жерде орналасқан N72 тергеу изоляторында өтті. Мекеме аумағында күш құрылымдары күзеті күшейтілді.


Азаттық тілшілері ол аумаққа кіре алмай, үкімнен БАҚ өкілдеріне тікелей трансляция ұйымдастырылған Алматының мамандандырылған әкімшілік сотынан бақылады.


Алматы прокуратурасының мәлімдеуінше, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты, блогер Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы кезінде Арман Жұмагелдиевтің жанында болған, "Қазақстан" қонақүйіне адамдарды жинап, "жаппай тәртіпсіздікке қатысқан".


Қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген видеоларда Құдайберген мен Жұмагелдиевтің бірге жүргені байқалады.


Сотта Қайрат Құдайберген "Арманмен таныстығы жоғын, тәртіпсіздік кезінде алаңда көргенін, ол жаққа халықты басу үшін барғанын" айтқан. Экс-депутаттың туыстары ақпарат құралдарына мәлімдеме жасап, Құдайбергенге тағылған айыптарға келіспейтінін айтқан.


"Дикий Арман" деген лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы 7 қаңтардан бері қамауды отыр. Тергеушілер оған "тәртіпсіздік ұйымдастырды", дүрбелең кезінде "кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды ұрлады", "заңсыз қару сақтады", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды" деген айыптар таққан. Адвокатының сөзінше, Арман Жұмагелдиев бұл айыптарды мойнына алмаған.


2023 жылы маусымда Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасы кезіндегі "азаптау" бойынша істе жәбірленуші деп танылды.


Ресми дерек бойынша, 2022 жылы Қаңтар оқиғасы салдарынан кемінде 238 адам қаза болған.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Арина Соболенко

Поражение Соболенко в финале Australian Open назвали неслучайным






Кинолог объяснил страх собак перед роботом-пылесосом

Жители РФ больше всего хотели бы встретить старость в Сочи и Анапе

Дороги Подмосковья в понедельник вечером загружены на 3 балла

«Попались в сети»: против дронов противника бойцы группировки «Запад» ВС России применили беспилотники с сеткомётами