Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін көтеру қажет - Бектенов

0

Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, Қазақстанда жекелеген оң нәтижелерге қарамастан, экономикалық өсімнің қарқыны жеткіліксіз. Елдің өнеркәсіптік әлеуеті әлдеқайда ауқымды.

"Бізде даму бюджетінің көлемі жеткіліксіз. Дамыған елдерде бұл мемлекеттік шығындардың 25 пайызына дейін жетеді, ал бізде бар болғаны 8 пайыз. Республикалық бюджеттегі шамамен 26 триллион теңгенің тек 2 триллионы ғана дамуға жұмсалады. Қалғанының бәрі – ағымдағы бюджет, оның едәуір бөлігі әлеуметтік шығындардан тұрады. Экономикалық дамудың негізін құрайтын салалар жеткілікті қаржыландырылмаған: электр және жылу энергетикасы, су шаруашылығы, газ көлік жүйесі, жолдар, инженерлік желілер мен инфрақұрылым. Даму институттары жеткілікті өтімділікпен қамтамасыз етілмеген. Мұндай жағдайда жоғары өсім қарқынын сенімді түрде қамтамасыз ету қиын", – деді Олжас Бектенов.

Премьердің айтуынша, елдің салық-бюджет жүйесін сауықтыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қажет. Қолданыстағы салық жүйесі мемлекетті инвестициялар көлемімен қамтамасыз етіп қана қоймай, кәсіпкерлерге қатысты әділетсіз болып отыр. Негізгі салық жүктемесі еңбекақы қорына, демек, өнімнің өзіндік құнына түседі.

"Кәсіпкердің тауары сөреге түспей жатып, ол салықтардың көп бөлігін төлеуге мәжбүр. Үкімет еңбекақы қорына түсетін жүктемені сатылымға ауыстыру арқылы азайтуды ұсынады. Ол үшін ҚҚС мөлшерлемесін көтеріп, бір мезгілде жұмыс берушілерге әлеуметтік салық пен міндетті зейнетақы жарналарын төмендету қажет. Бұл кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оларға қажетті қаржылық резервті құруға мүмкіндік береді", – деді Олжас Бектенов.

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда елдің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жасалып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер анықталады. Жиында премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңір әкімі баяндама жасайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Анна Курникова

Анна Курникова оказалась в инвалидной коляске. Секс-символа тенниса просто не узнать






Стубб: в вопросе открытия российско-финской границы «мяч» на стороне Москвы

В московском метро запустили поезд в честь китайского Нового года

В связи с делом экс-главы «Фонбет» Анохина задержаны шесть человек

Лолите отомстили коммунальщики: квартира певицы осталась без газа