Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Президент: Үкімет пен әкімдер жұмысының тиімділігін азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын аша отырып, әлемдегі күрделі ахуалға тоқталды.

— Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп — бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық. Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл — еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор, — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет бүгінгі отырыста Үкімет алдында тұрған жаңа міндеттер айқындалатынын атап өтті.

— Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз, — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

 

Сообщение Президент: Үкімет пен әкімдер жұмысының тиімділігін азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Дарья Касаткина выбыла из топ-10 WTA






Привезение с мотором: россияне покупают авто на маркетплейсах на 726% чаще

Собянин рассказал о востребованности московских медицинских сервиов в регионах

Московские зайцы завидуют сербам. Российской столице не светит опыт Белграда по бесплатному проезду на общественном транспорте

Судьба разлученных сиамских близняшек: Зита умерла, а что стало с Гитой