Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Қазақстандық ұлттық компания еншілес қорлардың бірін таратты

0

QazExpoCongress ұлттық компаниясы Жоғарғы аудиторлық палатаның (ЖАП) нұсқамасы бойынша еншілес корпоративтік қорлардың бірін таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ЖАП мәліметінше, QazExpoCongress өз құрылымын оңтайландырып, "Қазақстан" сауда-көрме орталығы" корпоративтік қорын жойды. Мұндай шараларды қабылдау қажеттілігі Сауда және интеграция министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне мемлекеттік аудит жүргізу нәтижесінде анықталған.

"Осылайша, аудит ұлттық компанияның екі корпоративтік қоры бар екенін анықтады: аттас QazExpoCongress КҚ және "Қазақстан" сауда-көрме орталығы" КҚ. Бұл қорлар арқылы ұлттық компанияны мақсатты қаржыландыру, сондай-ақ Мәскеудегі ВДНХ аумағында және Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесінде Қазақстан павильондарын басқару жүзеге асырылған. Сонымен қатар, екі коммерциялық емес ұйымның толық жүктелмеуі және кейбір функцияларының қайталануы олардың параллель жұмыс істеуінің мақсаттылығына күмән туғызды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Сауда және интеграция министрлігіне "QazExpoCongress" ұлттық компаниясымен бірлесіп, тиісті қайта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Нәтижесінде, ұлттық компания министрлікпен келісе отырып, "Қазақстан" сауда-көрме орталығы" корпоративтік қорын тарату туралы шешім қабылдады. Барлық мүлік, ғимараттар және шарттық міндеттемелер QazExpoCongress корпоративтік қорының қарамағына берілді.
QazExpoCongress ұлттық компаниясы 2013 жылғы 15 қаңтардағы Үкімет қаулысымен құрылды. Компанияның негізгі мақсаттары:

Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу;
Көрме аяқталғаннан кейін ЭКСПО-2017 нысандарын пайдалану және басқару.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Дарья Касаткина выбыла из топ-10 WTA






В Подмосковье вводят штрафы за неоплату проезда по платным дорогам

Минэкономики Подмосковья: обновлено 30 тыс. кв. м дорог и 35 км освещения

В Ульяновске осудили экс-директора МУП «УльГЭС»

«Буду играть!» Москвич, обыгравший чемпиона мира, посвятит себя шахматам