Абай облысында боранға байланысты жолдар жабылды
Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
"2025 жылғы 30 қаңтар сағат 13:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 778-967 шақырым аралығындағы учаскеде (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 30 қаңтар сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!