Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025

"Росатом" басшысы: Мәскеу мен Астана АЭС бойынша ортақ шешім қабылдауға бет бұрды

0
"Росатом" басшысы Мәскеу мен Астана АЭС бойынша ортақ шешім қабылдауға бет бұрды деп мәлімдеді. Бейсенбі күні "Росатом" басшысы Алексей Лихачев Ресей мен Қазақстан премьер-министрлерінің кездесуіндегі талқылаудан осындай қорытынды жасауға болады деді. Бұл туралы "РИА Новости" жазды. 


"Бүгін елдеріміздің үкімет басшыларының кездесуіндегі талқылаулар мазмұнына сүйене отырып, ортақ шешім қабылдауға бет бұрдық деп қорытынды жасауға болады" - деді Лихачев. 


Лихачев Қазақстан АЭС салу мәселесін "кәсіби түрде зерттеп", бірнеше вендормен жұмыс істеп жатыр деп айтқан. 


"Росатом" басшысының айтуынша, жақында Қазақстан делегациясы Ленинград атом электр станциясына барған. 


Лихачев "Росатом" Қазақстан аумағында АЭС салуға дайын деп мәлімдеді.


Ал бейсенбі күні Еуроодақтың санкция жөніндегі арнайы уәкілі Дэвид О’Салливан Қазақстандағы АЭС құрылысына "Росатомның" қатысы жөнінде сұраққа "ЕО-да бұл бойынша ерекше ұстаным жоқ, себебі Қазақстан - тәуелсіз мемлекет" деді. 


"Қазақстанда АЭС-ті кім салады, оны еліңіз өзі шешеді... Алайда Ресейдің қазіргі саясатын ескерсек, Қазақстан оның өз әріптесі болғанын қалай ма деген сұраққа ойлану керек сияқты" деді Дэвид О’Салливан. 


28 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "жақын арада Алматы облысында бірінші атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Екінші АЭС құрылысы салынуы ықтимал орынды анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталауға жақын" деп мәлімдеген. Ал Тоқаев АЭС құрылысын тағы тездету керектігін айтқан.


Қазақстан президенті "тездетіп" салу қажетін айтып отырған бірінші АЭС-тің құрылысын нақты кім жүргізетіні әлі айқындалған жоқ.  Қазір Астанада АЭС құрылысын салуға ниеттілер тізімінде ресейлік "Росатом", Қытайдың CNNC, Оңтүстік Кореяның KHNP және франциялық EDF компаниялары бар.


Өткен аптада Қазақстанның энергетика министрлігі АЭС салушыны таңдау бойынша түпкілікті шешім "ұлттық мүдделерді, халықаралық нормаларды және МАГАТЭ кеңестерін ескере отырып", биылғы жылдың бірінші жартысында қабылданады деп хабарлаған.


Алғашқы АЭС салынуы мүмкін деп таңдалған негізгі орын ретінде Алматы облысындағы Балқаш көлі жағалауындағы Үлкен ауылы айтылып жүр. 29 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет вендорларға АЭС-ті сегіз жыл ішінде салып бітетіндей талап қояды деп мәлімдеген. 


Қазір елде үш АЭС салу мүмкіндігі жөнінде айтылып жатыр. Бұған дейін кейбір белсенділер "референдум кезінде халық бір ғана АЭС салуға рұқсат берді, неге қалғаны бойынша рұқсат сұрамайды?" деген мәселе де көтерген. 


Қазақстанда АЭС салу туралы жалпыхалықтық референдум былтыр 6 қазанда өтті. Байқаушылар референдумға дауыс беру кезінде заң талаптарын бұзу фактілері тіркелгенін, мысалы, референдум бюллетеньдерін дауыс беру жәшігіне топтап тастау секілді жайттар анықталғанын хабарлаған.


Орталық референдум комиссиясының ресми қорытындысына сай, дауыс берген азаматтардың 71 пайызы Қазақстанда АЭС салуды қолдаған.


Экологтардың көпшілігі елде АЭС салуға қарсы. Олар атом электр станциясын салуға қолайлы орын деп айтылып жүрген аймақтағы Балқаш көліне АЭС кері әсер етеді деп есептейді. Қоғам белсенділері мен саясаттанушылар егер АЭС-ті Ресей салатын болса, Қазақстан оған энергия жағынан тәуелді болып қалады деп алаңдайды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Янник Синнер

Калинский: Синнер сказал, что приедет к нам на матч «Пари НН»






В Москве на иностранца заведено дело за попытку дачи взятки сотруднику ДПС

II Всероссийский муниципальный форум "Малая родина - сила России" прошел в Казани

Последний раз такая ситуация была во время кризиса 2008 года. Склады забиты машинами, салоны под угрозой закрытия, дилеры просят власти урегулировать наплыв китайских брендов

Суд избрал меру пресечения Тушкевичу по делу о хищении на госконтрактах