Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Январь
2025

Жамбыл облысында полицей азаптау ісі бойынша күдікке ілінді

0
Жамбыл облысында полицей күдіктіні азаптады деген күдікпен уақытша қамауға алынды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады. Алдын ала ақпарат бойынша, "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.


"29 қаңтарда Жамбыл облысының прокурорлары азаматтардың конституциялық құқығының сақталуын видеокамера арқылы тексеріп, Рысқұлов ауданы полиция бөлімшесі басшысы орынбасарының қылмыстық іске күдіктіні азаптау фактісі анықталды" дейді прокуратура.


Ведомство азаптауға 12 жыл түрме жазасы қарастырылғанын ескертеді.


2023 жылы наурызда Қазақстанда азаптауды алдын алу үшін түрмелер мен полиция мекемелеріне бейнебақылау камераларын орнатқан.


Қазақстан Азаптауға қарсы халықаралық актіні ратификациялаған еді. Алайда құқық қорғаушылар азаптауға байланысты істер сотқа жетпейді, азаптағандар жазасыз қалады деп бірнеше рет мәлімдеген.


Қазақстандағы адам құқығы бойынша бюро "2009 жылдан бері Қазақстаннан БҰҰ-ға азаптау бойынша көп шағым түскен, бірақ Қазақстан билігі БҰҰ шешімінің заңдық күші жоқ, жай ұсыныс деп қабылдайды" дейді.  



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Касаткина проиграла американке Крюгер во втором круге турнира WTA в Абу-Даби






Merkur: маневр Путина у Курил не прошел бесследно для Японии

Как россияне будут обслуживать свои автомобили в 2025 году: результаты опроса выявили неожиданные тенденции

Как спуск в шахту: москвичей предупредили о рекордных показателях давления

Зима еще даже не началась: Роман Вильфанд сообщил, когда нагрянут сумасшедшие морозы