Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Тазы мен төбет күні: Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

0

Қазақстанның Экология министрлігі мерекелік күндер тізіміне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, мерекелік күндер тізіміне 3 қыркүйек - Қазақы ит тұқымдары күнін қосу жоспарланған.

Жобаның негіздемесіне сәйкес, өкінішке қарай, Қазақстанда көптеген мерекелер болғанымен, қазақтың тазы және төбет тұқымдарын сақтау және көбейту саласындағы мамандарға арналған арнайы мереке жоқ.

Тазы мен төбет – қазақтың ежелгі ит тұқымдары, халқымыздың мақтанышы, "Жеті қазынаның" бірі. Тазы – аңшылықта таптырмас көмекші болса, төбет – ата-бабаларымыздың мал-мүлкін сенімді қорғаушы. Бұл тұқымдар халқымыздың тарихымен тығыз байланысты, олардың шығу тегі ғасырлар тереңінен бастау алады.

Түсіндірме жазбаға сәйкес, Қазақы ит тұқымдары күні лекциялар, семинарлар, көрмелер және осы тұқымдардың тарихына, ерекшеліктеріне, күтіміне арналған іс-шаралармен атап өтілуі мүмкін, бұл жалпы ақпараттандыру деңгейін арттырады.

Сонымен қатар, бұл мерекенің бекітілуі ит өсірушілерге, кинологиялық ұйымдарға және қазақы ит тұқымдарын сүйетіндерге тәжірибе алмасуға, көрмелерге, жарыстарға және басқа да шараларға қатысуға көбірек мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражатты қажет етпейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Рыбакина начала работать с бывшим тренером Динары Сафиной






Источник 360.ru сообщил о гибели человека при взрыве в ЖК «Алые Паруса»

Зимы еще даже не было: Вильфанд предупредил россиян о грядущих трескучих морозах – "лучше не выходить из дома"

В Госдуме призвали разрешить тратить маткапитал на приобретение отечественного авто

По факту взрыва в московском ЖК «Алые паруса» возбуждено дело