Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Грузияның билігі митинг туралы заңды қатайтты. Елде екі ай бойы наразылық өтіп жатыр

0
Грузия заңына наразыларды жазалауды күшейтетін түзетулер енгізілді. Бұл туралы Publika хабарлады.


Түзетулерді 6 ақпан күні билік басындағы "Грузин арманы" партиясының депутаттары қабылдаған. Келесі күні оған Грузия президенті Михаил Кавелашвили қол қойды.


Жергілікті баспасөз құралы Paper Kartuli заңға қандай түзету енгізілгенін тізіп шықты. Заңға билікті қорлау әкімшілік бабы енген. Бұл бапты бұзғандар 45 тәулікке дейін қамалады немесе төрт мың лариге (1400 доллар) дейін айыппұл төлейді.


Қылмыстық заң бойынша, полицей мен шенеунікке қоқан-лоқы көрсету, оларға күш қолдану үшін жазалау мерзімі ұзартылды. Енді зорлық-зомбылыққа шақырғандар түрмеге қамалуы мүмкін.


Түзетулердің едәуір бөлігі митинг туралы баптарға енген. Енді митингшілер көпірді, теміржолды, күрежолдарды, туннельдерді және жергілікті билік айқындаған көлік тораптарын бөгегені үшін жазаға тартылады. Сондай-ақ полицейлер доғаруды талап еткен акцияға қатысу да заңға қайшы әрекет болмақ.


Сонымен қатар полиция қызметкерінің бұйрығына бағынбау, оны қорлау, митинг ережесін ұстанбау, әкімшілік ғимараттар мен жолдарды бөгеу, шеру кезінде маска тағу және лазер қолдану, ұсақ бұзақылық және вандализм үшін айыппұл көлемі мен қамау мерзімі ұлғайды.


Грузияда 28 қарашадн бері күн сайын наразылық өтіп келеді. Бұл наразылыққа Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің Грузияны Еурооддаққа кіргізу жөніндегі келіссөзді 2028 жылға дейін тоқтатынын мәлімдегені түрткі болды.


Грузияның Еуроодақ пен НАТО-ға интеграциялануы елдің конституциясында жазылған. Оппозиция билік партиясын Грузияны Батыс бағытындағы жолынан кері бұрып, Ресей ықпалына итермелеп жатыр деп айыптайды.


Наразылар жаңа парламент сайлауын өткізуді, Грузияны Еуроодаққа кіргізу жөніндегі келіссөзді қалпына келтіруді және митинг кезінде ұсталғандарды босатуды талап етеді. Наразылықтың алғашқы күндері билік шерушілерді басып-жаншыды, жүздеген адам ұсталды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Даниил Медведев

Медведев проиграл Беллуччи во втором круге турнира в Роттердаме






В Красноярске утверждено ещё одно обвинение в хищениях при строительстве метро

Экспозицию кабинета Курбатова пополнили 12 экспонатов

В ЮЗАО подвели итоги конкурса школьных музеев

Осужденный за теракт в аэропорту Домодедово подал жалобу на отсутствие солнца