Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қолдау көрсетілді

0

2024 жылғы 25 желтоқсан Қазақстан мен Әзербайжан үшін қаралы күн болды. Баку – Грозный бағыты бойынша ұшып шыққан Embraer E190 ұшағы Ақтауға шұғыл түрде қону кезінде апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған, олардың 38-і қаза тапты.

Апаттан кейінгі алғашқы сағаттарда қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер аман қалғандарды құтқару үшін барын салды. Ел ішінде жедел түрде қан тапсыру пункттері ұйымдастырылып, еріктілер көмек қолын созды. Халық бір мақсатқа жұмылды. Бұл әрекет Әзербайжанда да назардан тыс қалмады – сол күндері Бакуде және басқа қалаларда "бауырлас" деген сөз жиі айтылып, екі халықтың бірлігі ерекше атап өтілді.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Құрмет пен алғыс белгісі

2025 жылғы 7 ақпанда Ақтауда қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті. Жиынға 200-ден астам адам қатысты: қаза болғандардың отбасылары, құтқарушылар, дәрігерлер, жергілікті билік өкілдері және қайғылы оқиғаға бей-жай қарамаған жандар.

Бұл тек еске алу сәті ғана емес, сонымен қатар апаттан кейінгі қиын сағаттарда көмек көрсеткен жандарға алғыс айту мүмкіндігі болды. Қолдау белгісі ретінде әзірбайжан-қазақстандық Buta Group компаниясы қайтыс болған қазақстандықтардың отбасыларына өз тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді табыс етті.

Сондай-ақ, бірінші болып апат орнына жетіп, зардап шеккендердің өмірі үшін күрескен ТЖМ қызметкеріне, жедел жәрдем дәрігеріне және облыстық аурухана қызметкеріне бір-бір автокөліктен табысталды.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында қаза тапқандардың есімдері мен олардың өмірлік жолы баяндалған деректі фильм көрсетілді. Бұл сәт тек қайғылы оқиғаны еске алу ғана емес, сонымен қатар жақсылық жолында жасалған істер халықтың есінде мәңгі сақталатынын білдіретін белгі болды.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бауырластықтың беріктігін дәлелдеген сынақ

Ақтаудағы әуе апаты соңғы жылдардағы ең ауыр қайғылы оқиғалардың бірі болды. Бірақ ол шын достық сөзбен ғана емес, іспен дәлелденетінін көрсетті. Қазақстан мен Әзербайжан – тек көрші ғана емес, қиын сәттерде бір-біріне қолдау көрсететін бауырлас халықтар.

Бұл күн бір-бірімізді сыйлап, қолдасақ, ешбір сынақ бізді айыра алмайтынын еске салды.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Анастасия Павлюченкова

Павлюченкова назвала говном мячи на турнире в Абу-Даби






Грандиозное симфоническое шоу «Авторадио. Классика. Дуэты» состоится в Кремлёвском дворце

Новые правила въезда в Таиланд для россиян: что нужно знать

Мизулина заявила о необходимости изменить процедуру сдачи ЕГЭ

Ефимов: в Молжаниновском районе началось возведение школы на 1575 мест