БҚО тұрғындарын “су тасқынының“ видеосы үрейлендірді
Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын "су тасқынының видеосы" шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
WhatsApp мессенджерінде ірі көлемдегі су тасқынының видеосы тарап кетті. Видеодағы жазбада Ириклин су қоймасынан келген су екені айтылады. Видео авторы су деңгейі көтерілуіне байланысты су басқан көпірде тұрғанын айтады.
"Не болып жатыр? Үш метрден асады. Одан да көп болуы мүмкін. Арнасынан тасыды, ескерткіш су астында қалды", - дейді ер адам.
"Қазсушар" РМК БҚОФ халықты сабырға шақырды.
"Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видео - фейк. Қазір Ириклин су қоймасынан секундына 60 текше метр су келіп жатыр, бұл ешқандай қауіп төндірмейді", - деп мәлімдеді жауаптылар.
Айта кетейік, БҚО су тасқыны қаупі төніп тұрған өңірлер үштігіне кіреді. Бұған дейін БҚО әкімі Нариман Төреғалиев облыстың үлкен суға дайындығын сынға алған болатын
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!