Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстандықтар орташа есеппен қанша табыс табатыны белгілі болды

0
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа және медианалық жалақыны есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бюро мәліметінше, 2024 жылғы IV тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 308 717 теңге, ал орташа жалақы 434 982 теңге болған. Айта кетейік, 2024 жылы III тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 269 378 теңге, ал орташа жалақы 390 328 теңге болды.

2023 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда жалақы 10,5 пайызға, инфляцияны ескере отырып 1,8 пайызға өсті.
Орташа жалақының өсуі жалақы қорының ұлғаюымен, жылдық бонустармен және мерекелік сыйлықақылармен байланысты.
Бір жылдағы жалақының ең жоғары өсуі мына салаларда тіркелді:

Ақпарат және байланыс - +32,8 пайыз;
Ауыл, орман және балық шаруашылығы - +22,7 пайыз;
Жылжымайтын мүлік операциялары - +20,3 пайыз.

Өңірлер арасында 2023 жылғы тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылғы IV тоқсанда орташа айлық номиналды жалақын ең көп өсуі мына өңірлерде тіркелді:

Алматы мен Шымкентте 13,6 пайызға өсті,Қарағанды облысында 13,2 пайызға,
Солтүстік Қазақстан облысында 12,9 пайызға,
Ақтөбе облысында 12,6 пайызға.


Медианалық жалақы - жұмысшыларды екі тең топқа бөледі, олардың жартысы осы мөлшерден аз, ал екіншісі көп жалақы алады. Бұл жалақы өте жоғары немесе өте төмен жалақы мөлшерін ескермей, орташа мөлшерде адам қанша жалақы алатынын көрсетеді.
Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйлықақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрін ескере отырып көрсетіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Серена Уильямс

Хэмилтон одним словом отреагировал на выступление Серены Уильямс с Кендриком Ламаром






Для спасения «ливневки» в Архангельске требуется более 16 млрд рублей

Владимир Путин присвоил почётное звание терапевту из Ипатовской больницы

В Москве женщина обнаружила в ванной змею и засосала ее в пылесос

В российских городах состоятся благотворительные концерты «Культура в помощь Донбассу»