Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Астанада лифтіде балаға шабуыл жасаған жасөспірім қазір қайда?

0

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде жасөспірім балаға шабуыл жасаған оқиғаға қатысты кейбір мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зәкиева жасөспірім қайда екенін айтты. Ол тергеу изоляторында емес.

"Кеше өңірлік уәкілмен бірге ауруханаға балаға барып, әкесімен сөйлестім. Баланың жағдайы тұрақты, барлық қажет көмек көрсетіліп жатыр. Шабуыл жасаған бала тергеу кезінде жағдайына байланысты денсаулық сақтау жүйесінің мекемесіне орналастырылды. Баланың анасы жауапкершілікке тартылғаны белгілі", - деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Оның айтуынша, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

"Бала арнайы бөлімде бақылауда", - деді Зәкиева.

Еске салайық, 2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.
Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Оқиғадан кейін ол көпсалалы №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған.
Дәрігерлер оның жалпы жағдайын ауыр деп бағалады. Ал отадан кейін баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Медведев опустился на одну строчку в рейтинге ATP






ПЯТИЧАСОВЫЕ ВИДЕОРОЛИКИ МОГУТ НАБИРАТЬ ОГРОМНУЮ ПОПУЛЯРНОСТЬ! Новости. В.В. Путин, Д.А. Медведев, Илон Маск, Дональд Трамп. Россия, США, Европа могут улучшить отношения и здоровье общества?!

«Иркутск» готовится к новому сезону

112 заявок подали жители Адыгеи на участие в муниципальной премии «Служение»

Глава русской общины Молдавии осудила закрытие культурного центра РФ