Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Ресей АҚШ азаматын сөмкесінен есірткі табылды деп 30 күнге қамады

0
Ресей соты жүк сөмкесінен есірткі табылды деген АҚШ азаматын 30 күнге қамау туралы шешім шығарды. Соттың хабарлауынша, Мәскеудегі "Внуково" әуежайының қызметкерлері күдіктінің сөмкесінен құрамында каннабиноид бар мармелад тапқан. Ресми ақпаратқа қарағанда, күдікті – 28 жастағы Калоб Уэйн Байерс.


Бұл ұстау АҚШ пен Ресей тұтқын алмасқаннан санаулы күннен кейін мәлім болып отыр. Сол тұтқын алмасу екі ел арасындағы дипломатиялық жылымықтың бастауы деп сипатталған еді.


Полиция Байерстің 7 ақпан күні Стамбулдан ұшып келгенде ұсталғанын, сөмкесінен ірі көлемде есірткі шыққанын мәлімдеп отыр. Мәскеу сотының ақпаратына қарағанда, Байерс 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.




Ресей заңы бойынша, күдікті деп танылғандардың көбі тергеу изоляторына қамалады. Қамау мерзімі бірталай мәрте ұзартылуы мүмкін.


АҚШ пен Батыстың өзге елдері осыған дейін Ресей өкіметі Батыс азаматтарын қолдан жасалған іс бойынша немесе жасаған ісін әсірелеу арқылы ұстап, оларды АҚШ-пен және өзге елдермен саудаласу үшін "кепіл" ретінде пайдаланады деп мәлімдеген.


Осы аптада 2021 жылы Мәскеу әуежайында медициналық марихуанамен ұсталған америкалық мұғалім Марк Фогель тұтқын алмасу кезінде босатылған. АҚШ өз тарабынан ресейлік киберқылмыскер Александр Винникті босатқан.




Бұдан ауқымды тұтқын алмасу 2024 жылғы тамызда болған. Ол кезде Ресей 16 азаматты босатқан. Оның ішінде Азаттық тілшісі Алсу Құрмашева, Wall Street Journal тілшісі Эван Гершкович және америкалық компанияның қауіпсіздік қызметін басқарған Пол Уилан бар. Ресей осы алмасу кезінде сегіз азаматын қайтарған. Бұл "Қырғи-қабақ соғысынан" бергі ең ірі тұтқын алмасу болды.


Ресей АҚШ баскетболының жұлдызы Бриттни Грайнерді де есіртік тасымалдады деген айыппен ұстап, оны тоғыз жылға бас бостандығынан айырған. Бірақ ол түрмеде 10 ай өткізгеннен соң 2022 жылғы желтоқсанда босатылды. Ал АҚШ оның орнына ресейлік қару-жарақ саудагері Виктор Бутты босатты.




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Александр Зверев

Теннисист Зверев назвал странным наказание Синнера из-за употребления клостебола






Мультимедийные выставки Музея Победы увидят жители Ямало-Ненецкого автономного округа

Дмитрий Савин — игрок ФК «Локомотив»

Петербурженка поставила порноультиматум москвичу и потребовала 5 млн

Проезд по платным дорогам подорожал в России в среднем на 340 рублей