Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

"Жомарт" кенішіндегі шахтада жер опырылып, жеті жұмысшы мерт болды

0
17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішіндегі шахтада жер опырылып, жеті жұмысшы жер астында қалып қойды. 18 ақпан күні таңертең төтенше жағдайлар министрлігі жетеуі де қаза тапқанын, құтқарушылар оларды шахтадан алып шыққанын хабарлады.


Министрліктің мәлімдеуінше, марқұмдардың жеке басы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жеті жұмысшының сүйегі полицияға берілген. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр деді ТЖМ.


"Қазақмыс" корпорациясы 17 ақпанда кабельдер үзіліп қалғандықтан жұмысшылармен байланыс жоқ деп хабарлаған еді.


Апат болған шахтаға "Серіктес" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен құтқарушылар, Ұлытау және Қарағанды облыстарынан төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары, медицина қызметкерлері мен психологтар жіберілген.


Қазақстан үкіметі "Жомарт" кенішіндегі апатқа байланысты арнайы комиссия құрды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын комиссия апат себебін анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсетпек.


"Жомарт" кеніші – Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Онда мыс сульфиді өндіріледі.


"Қазақмыс" корпорациясының ірі акционері - Kazakhmys Copper. Оны миллиардер Владимир Ким (Forbes басылымы оның байлығын 3,6 млрд доллар деп бағалаған) және Эдуард Огайға (Forbes мәліметінше, 800 млн доллардың иесі) тиесілі Kazakhmys Holding Limited басқарады.


"Қазақмыс" корпорациясы Қазақстанның орталығында мыс өндіреді, кен байыту фабрикалары бар және Ұлытау облысындағы негізгі салық төлеуші әрі жұмыс беруші болып саналады. Корпорацияның мәліметінше, оның үш өндіріс орнында (Балқаш, Жезқазған, Қарағанды) шамамен 37 мың адам жұмыс істейді.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Александр Зверев

Теннисист Зверев назвал странным наказание Синнера из-за употребления клостебола






Слава в t.А.Т.u — в 15, ребенок — в 19. Чем ранний успех обернулся для Юлии Волковой

"Красный шелк" с Биковичем и "Капитан Крюк": что посмотреть в кино

Критик криптовалют Кругман пал жертвой рекламирующих токен хакеров

Оплачивайте покупки с улыбкой