+ 870 коды: неге қайта қоңырау шалуға болмайды және қандай қауіп бар?
Мемлекеттік техникалық қызмет (МТҚ) қазақстандықтарға +870 кодынан басталатын нөмірлерден түсетін қоңырауларға байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
МТҚ мәліметінше, +870 телефон коды теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда байланыс үшін қолданылатын Inmarsat спутниктік байланысына тиесілі.“Дегенмен, алаяқтар мұндай нөмірлерді алдау мақсатында белсенді пайдаланады, себебі олар қазақстандық нөмірлерге ұқсас”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, алаяқтар Inmarsat-тың басқа да ұқсас кодтарын қолдануы мүмкін:
+870 – желіге жалпы кіру коды (SNAC);+871 – Атлант мұхиты, шығыс бөлігі (AOR-E); +872 – Тынық мұхиты аймағы (POR); +873 – Үнді мұхиты (IOR);+874 – Атлант мұхиты, батыс бөлігі (AOR-W).
Айта кетейік, +870 телефон коды жалпы қолданыстағы код болып табылады және қоңыраулардың қай спутник арқылы жасалып жатқаны белгісіз болған кезде қолданылады. Алайда SNAC Inmarsat-A терминалдарына қоңырау шалуды қолдамайды.“Белгісіз +870 және басқа да осындай кодтары бар нөмірлерге қайта қоңырау шалмаңыз! Жеке деректеріңізді, SMS кодтарын және банк карталарыңыздың мәліметтерін ешкімге хабарламаңыз. Егер сізден осындай нөмірлер арқылы код немесе басқа да ақпарат сұралса, бұл – алаяқтықтың анық белгісі. Ешқашан жеке ақпаратыңызды бермеңіз”, – деп ескертті МТҚ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!