“Техникалық ақау“: тағы 93 блогерден салық туралы хабарлама қайтарып алынды
Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге қатысты тағы бір мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 53,3 млрд. теңгеге 594 блогер бойынша бұрын жіберілген 1 014 хабарламадан жалпы сомасы 9,8 млрд. теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарып алу жүргізілгенін хабарлады.
"Хабарламалардың күшін жоюдың себебі оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардың пайда болуынан. Қазіргі уақытта жойылған техникалық қателерді ескере отырып, кері қайтарылған хабарламаларды қайта қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!