Астанада тәркіленген көлігіктегі миллиондаған қарызы бар жүргізуші ұсталды
Астанада Сарайшық көшесінде полиция 34 жастағы жүргізушіні тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тексеру барысында көлік иесінің 19,5 миллион теңгеден астам қарызы бар екені анықталды, сондай-ақ аталған көлік жеке сот орындаушыларының шешімі бойынша тәркіленгені белгілі болды.
Нәтижесінде автокөлік тәркіленіп, айып тұрағына қойылды.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Әділбеков құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын және азаматтарды осындай жағдайлардың алдын алу үшін өз қаржылық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!