Қалың қар жауып, боран соғады - 4 наурыздағы ауа райы болжамы
"Қазгидромет" 4 наурыз, сейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана
Ауа райы бұлтты, кей уақытта қар, боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Температура түнде 15-17° аяз, күндіз 7-9° аяз.
Алматы
Бұлтты, түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, жолдарда көктайғақ. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Температура түнде 6-8° аяз, күндіз 0-2° жылы.
Шымкент
Күн бұлтты, түнде және таңертең қар, тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 7-9° аяз, күндіз 3-5° жылы.
Ақмола облысы
Түнде қар, боран, күндіз батыс, солтүстік және шығыста қар, боран. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, батыс, солтүстік, шығыста екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 10-15° аяз, батыс пен оңтүстікте 15-20° аяз, күндіз 7-12° аяз.
Көкшетау қаласында бұлтты, түнде және таңертең қар, боран. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с. Температура түнде 10-12° аяз, күндіз 8-10° аяз.
Алматы облысы
Түнде солтүстік пен оңтүстікте аздаған қар, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар, күндіз тау бөктерінде және таулы аудандарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстікте және таулы аудандарда тұман, жолдарда көктайғақ. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с, түнде оңтүстік-шығыс пен орталықта екпіні 18-23 м/с. Температура түнде 5-10° аяз, солтүстікте және таулы аудандарда 15-20° аяз, күндіз 0-5° жылы, солтүстікте және таулы аудандарда 6° аяз.
Қонаевта бұлтты, түнде аздаған қар. Кей жерлерде тұман, жолдарда көктайғақ. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с, түнде екпіні 18 м/с. Температура түнде 6-8° аяз, күндіз 0-2° жылы.
Жетісу облысы
Түнде қар, таулы аудандарда қатты қар, күндіз шығыста, оңтүстікте және таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте, орталықта және таулы аудандарда тұман.Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, солтүстікте және шығыста екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с.Температура түнде 5-10° аяз, таулы аудандарда 15° аяз, күндіз 0-5° жылы, таулы аудандарда 8° аяз, оңтүстікте 3° жылы.
Талдықорғанда бұлтты, түнде қар, кей жерлерде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с, түнде екпіні 14 м/с. Температура түнде 6-8° аяз, күндіз 0-2° аяз.
Түркістан облысы
Түнде және таңертең солтүстікте, батыста және таулы аудандарда қар, боран. Батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с, солтүстікте, батыста, орталықта және таулы аудандарда 15-20 м/с, түнде таулы асуларда 23-28 м/с. Температура түнде 4-9° аяз, солтүстікте және батыста 13° аяз, күндіз 0-5° жылы, солтүстікте 3° аяз.
Түркістан қаласында бұлтты, түнде қар, боран. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 11-13° аяз, күндіз 0-2° жылы.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде қар, күндіз солтүстікте және шығыста қар. Батыста, солтүстікте және шығыста боран, тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Температура түнде 8-13° аяз, батыста 5° аяз, күндіз 1-6° аяз.
Орал қаласында бұлтты, қар, боран, тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 7-12 м/с. Температура түнде 8-10° аяз, күндіз 2-4° аяз.
Атырау облысы
Түнде батыста, солтүстікте және шығыста қар, күндіз батыста, солтүстікте және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын жел 7-12 м/с. Температура түнде 6-11° аяз, шығыста 15-20° аяз, күндіз 0-5° аяз, батыста 3° жылы.
Атырау қаласында бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын жел 5-10 м/с. Температура түнде 9-11° аяз, күндіз 1-3° аяз.
Ақтөбе облысы
Түнде солтүстікте қар, күндіз көпшілік бөлігінде қар. Солтүстікте боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 8-13° аяз, күндіз 1-6° аяз.
Ақтөбе қаласында бұлтты, түнде қар, таңертең және күндіз боран. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 9-11° аяз, күндіз 2-4° аяз.
Маңғыстау облысы
Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталықта тұман, күндіз шығыста көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын жел 9-14 м/с. Температура түнде 3-8° аяз, күндіз 0-5° жылы, шығыста 1-3° аяз.
Ақтау қаласында жауын-шашынсыз, таңертең және түнде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Температура түнде 4-6° аяз, күндіз 2-4° жылы.
Қызылорда облысы
Түнде батыста және оңтүстікте қар, күндіз оңтүстікте және таулы аудандарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, түнде және таңертең оңтүстікте, шығыста 15-20 м/с. Температура түнде 5-10° аяз, күндіз 0-5° жылы.
Қызылорда қаласында бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Температура түнде 6-8° аяз, күндіз 1-3° жылы.
Қостанай облысы
Түнде көпшілік бөлігінде қар, күндіз солтүстікте қар. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман, боран, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын жел 9-14 м/с, түнде және таңертең 15-20 м/с. Температура түнде 10-15° аяз, күндіз 3-8° аяз.
Қостанай қаласында қар, боран, тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 12-14° аяз, күндіз 4-6° аяз.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде және таңертең көпшілік бөлігінде қар, күндіз шығыста қар. Түнде және таңертең кей жерлерде боран, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын жел 9-14 м/с, түнде және таңертең 15-20 м/с. Температура түнде 12-17° аяз, күндіз 5-10° аяз.
Петропавл қаласында қар, боран, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 14-16° аяз, күндіз 6-8° аяз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!