Жаңбыр, қар жауады: Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет Алматыда 5-7 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы ауа райы болжамы
5 наурыз – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде температура -7...-9°C, күндіз +2...+4°C.
6 наурыз – бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде -3...-5°C, күндіз +7...+9°C.
7 наурыз – Таңертең және күндіз жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 10 м/с-қа жетеді. Түнде 0...-2°C, күндіз +5...+7°C.
Астанадағы ауа райы болжамы
5 наурыз – күн бұлтты, кейде қар жауып, боран болады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде температура -15...-17°C, күндіз -4...-6°C.
6 наурыз – күн бұлтты, түнде қар, күндіз жаңбыр, қар жауады. Боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде -5...-7°C, күндіз -1...+1°C.
7 наурыз – кейде жаңбыр, қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Түнде -3...-5°C, күндіз 0...-2°C.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!