Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Олигархтардан қайтарылған миллиондаған ақша тұратын әшекейлер сатылмай қалды

0
Бүгін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатуға шығарған зергерлік бұйымдар сатылмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сауда-саттық жасалған жоқ, өйткені бірде-бір қатысушы тіркелмеген.Әзірге сатылмаған зергерлік бұйымдар арасында мынадай әшекейлер бар:

14,7 миллион теңге тұратын, 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған YEPREM сақинасы.

cabinet-auction.e-qazyna.kz
Сақина 85 гауһар таспен көмкерілген.

Құны 7,5 миллион теңге тұратын, 750-сынамадағы ақ алтыннан жасалған Frank Muller алқасы.


Бұл зергерлік бұйым салмағы 4,6 карат болатын ақ гауһар тастармен көмкерілген.

Құны 3,3 миллион теңге тұратын, 750-ші үлгідегі сары алтыннан жасалған Yana Jewellery сақинасы мен білезігі.

cabinet-auction.e-qazyna.kzӘшекейдегі тастардың жалпы саны - 235, оның ішінде салмағы 5,46 карат болатын ақ гауһар тастар бар.

Құны 4,3 миллион теңге тұратын, 750-ші үлгідегі ақ-сары алтыннан жасалған Frank Muller сақинасы.

cabinet-auction.e-qazyna.kz
Сақинаның салмағы - 9,78 грамм, зергерлік бұйым 58 гауһар таспен көмкерілген.

Бүгін сатылымға 15 әшекей шығарылды, олардың құны 380 мың теңгеден 14 миллион теңгеге дейін жетеді. Алайда олардың ешқайсы сатылмады.
Еске салайық, бұған дейін олигархтардан қайтарылған әшекейлердің суреті жарияланды. Аукционға қойылған активтердің ішінде 63 зергерлік бұйым болды. Олардың ішіндегі ең қымбаты DE BEERS сырғасы еді, құны 158 миллион теңгеге бағаланды. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Серена Уильямс

Серена Уильямс стала совладельцем первой команды женской НБА из Канады






Bloomberg: Путин согласился стать посредником на ядерных переговорах США и Ирана

Путин: отношения РФ и Мьянмы развиваются поступательно

Мария Кондратович: "Уметь говорить «Нет! - это важно для нашего самосохранения"

Весенний концерт детского хора пройдет в Ивановском