Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Еуроодақ санкциясына іліккен қазақстандық компаниялар туралы не белгілі?

0

Еуропалық одақтың санкциялық тізіміне екі қазақстандық компания іліккен. Олар туралы не белгілі екенін Сауда және интеграция министрлігі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына жауап ретінде Сауда министрлігі Еуроодақтың 16-санкциялық пакетіне екі қазақстандық компания: "МеталлСтан" ЖШС мен KAZSTANEX ЖШС енгізілгенін хабарлады.

"Қазақстандық компаниялардың ЕО санкциялық тізіміне ілігуі олардың Еуроодақ аумағындағы активтерінің (бар болған жағдайда) бұғатталуына, сондай-ақ ЕО-дағы жеке және заңды тұлғалармен қаржылық операциялар мен сауда жасауға тыйым салынуына алып келеді", – делінген министрлік хабарламасында.

Сауда министрлігі, Еуропалық одақтың мәліметі бойынша, бұл кәсіпорындар санкцияға ұшыраған тауарларды Ресейге жеткізуге қатысы болуы мүмкін екенін атап өтті. Министрлік баспасөз қызметі бұл компаниялардың ЕО санкциялық тізіміне енгізілуі Қазақстан экономикасына әсер етпейтінін мәлімдеді.
KAZSTANEX ЖШС-нің бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Сонымен қатар, оның кеңсесі Ташкентте (Өзбекстан) бар. Компания Қазақстан нарығындағы станоктық және өнеркәсіптік жабдықтарды өндіретін жетекші әлемдік өндірушілердің бірі болып табылады.
Ашық дереккөздерге сәйкес, "МеталлСтан" ЖШС 2012 жылдың мамырында тіркелген және әртүрлі тауарлардың көтерме саудасымен айналысады. Компанияның салық төлемдері 2023 жылы 9,29 миллион теңге, ал 2024 жылы 6,4 миллион теңге болған.
Айта кету керек, 2024 жылғы қазанда бұл компаниялар АҚШ пен Ұлыбританияның санкциялық тізіміне енгізілген.
Еске салайық, 24 ақпанда Еуроодақ Ресейге қарсы кеңейтілген 16-санкциялық пакетті қабылдады. Бұл пакет Ресей экономикасының маңызды секторларын қамтитын бірқатар шектеу шараларын енгізді. Тізімге 48 жеке тұлға мен 35 заңды тұлға енгізілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Камилла Рахимова

Камилла Рахимова проиграла на старте турнира в Индиан-Уэллсе






СК хочет отправить в СИЗО жену экс-мэра Сочи Копайгородского

Заместитель управляющего Отделением Фонда пенсионного и социального страхования Российской Федерации по г. Москве и Московской области Алексей Путин о едином пособии

В МИД Грузии заявили, что сожалеют из-за возобновления работы аэропорта Сухума

Очевидцы сообщили о взрыве в отделении банка в московском ТЦ