Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Шымкенттің шырайы неге кетіп барады? Massaget masele-де

0
Massaget masele Шымкентке арнайы ат басын бұрды. Тұрғындардың өз аузынан қалада күрмеуі шешілмей тұрған мәселелерді тыңдап қайттық.
Шымкенттегі өзекті мәселелер қандай? Олар шешілуіне не немесе кім кедергі? Тұрғындардың жанайқайы неге билікке жетпейді?
Материалдың видео форматындағы толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.

Қаладағы әдемі үйлердің ішіндегі шынайы тұрмыс біз ойлағандай емес болып шықты. Мәселен әлеуметтік осал топтағы жандарға арнап салынған тұрғын үйдің құрылысы сапасыз жүргізілген, сондықтан тұрғындар баспананың қызығын емес, машақатын көріп жатыр.


"Мына жерден су кетіп жатыр. Мына жерден де су кетіп жатыр. Қай бұрыш бар - барлық жақтан су кетіп жатыр. Таңға жуық, сағат 3-4-терде жылу төмендейді.
...Бұл - мүгедектігі бар жандарға арналған үй. Одан бөлек көпбалалы аналарға арналған үй. Біз 8-9 жыл кезекте тұрғанбыз", - дейді Шымкент тұрғыны Қайрат Шуанов.


Баспанаға мемлекеттік бағдарламамен қол жеткізгендер де шағымын жеткізді.

"Өте сапасыз үй. Өзіміз жөндедік. Терезден кәдімгідей жел кіреді. Еденге төсегендері жыртылып жатыр. Есіктері нашар, біз кірген кезде есік сынған, сол күйі есік ауысқан жоқ", - дейді тағы бір тұрғын Назгүл Ибрагимова.


Пәтерінде жағдай мәз емес екенін айтқандар қатары мұнымен бітпейді.

"Үй жарылып жатыр. Қабырғасы, мынау дуалымыз жарылып жатыр. Оны айтсаң "ештеңе қылмайды" дейді", - деді Әбділәлі Мұстапаев.

Тұрғындардың жанына бататыны сол - жергілікті билік cапасыз материал қолданып, жұмысты немқұрайлы тапсыра салған.

Халықтың өзегін өртеген мәселеге жауап іздеп, жергілікті билік өкілдеріне сұрақ қойдық. Олар мәселеден хабардар.

"...Нормаға сәйкес үй жылы, суық деуге келмейді. Ал жертөледегі су мәселесі бойынша үй төрайымымен келіспеймін. Жоғарғы жақтағы 9 үйдің құбыры жарылған. Содан су ағып келіп, үйге дейін кірді. Оны бір күнде реттедік. Енді күн жылығанын күтеміз. Мердігер мекеме ол жағынан қашып тұрған жоқ", - деді Шымкент қаласы құрылыс басқармасының маманы Дәулет Бекмұратов.


Тұрғындардың айтуынша, құрылысты жүргізу кезінде кеткен кемшіліктерді анықтау үшін арнайы сарапшы болудың қажеті жоқ. Олқылықтар маман емес, қарапайым адамға да көрініп тұр.

"Әртүрлі кемшілік шығып тұрады. Бірі мердігер мекеме есебінен болса, енді бірі қызмет көрсету жағынан. Сіз барған үйге келетін болсақ, тұрғынның талабы жылу жүйесі бойынша құбырды ауыстыру еді. Алайда ол есептелген. Оны өз бетінше ауыстырсақ, басқа үйлерге кедергі болуы мүмкін", - дейді Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ердәулет Әжібаев.

Өзге де өзекті мәселелерді қозғаған материалдың видео форматындағы толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

Скончался 19-кратный победитель турниров «Большого шлема» Фред Столл






Звезда русского мюзикла Иван Ожогин приехал на родину в Ульяновск, как подарок

Удар по кошельку: эта строчка в квитанциях ЖКХ взлетит до потолка уже в марте

Реклама у здания издательства газеты «Известия», 2007 год, Москва

ТРАМП ВЫГНАЛ ЗЕЛЕНСКОГО? ЛИБО ЗЕЛЕНСКИЙ ЭТО СДЕЛАЛ, ЧТОБЫ АТАКОВАТЬ США? СЕНСАЦИЯ! Дональд Трамп, Владимир Путин, Илон Маск. Россия, США, Европа могут улучшить отношения и здоровье общества?!