Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Сирияда жүздеген бейбіт тұрғын қырылған. Қантөгіске билік кінәлі екені айтылып жатыр

0
Сирия билігі мен оған қарасты топтар бірнеше күнде 600-ден астам бейбіт тұрғынды, соның ішінде әйелдер мен балаларды, негізінен алавит тобына жататын аз дін өкілдерін өлтірді, деп хабарлады елдегі қақтығыстарды бақылайтын Сирия адам құқықтарын бақылау орталығы хабарлады. Оның сөзінен Associated Press агенттігі келтіреді. 


Топтың жетекшісі Рами Абдулрахманның айтуынша, бұл қантөгіс Сириядағы 13 жылдан бері жалғасып жатқан азаматтық соғыс барысындағы ең қанды қырғындардың бірі. Оның сөзінен Reuters үзінді келтіреді. Аймақтағы дереккөздердің хабарлауынша, күрдтер қолдайтын алавиттер мен үкіметшіл күштер арасында қақтығыс болған.


Қырғыннан ең көп зардап шеккен қалалардың бірі Банияс тұрғындарының айтуынша, мәйіттер көшелерде шашылып жатыр. Тұрғындарға оларды алуға шектеу қойылған. Бір тұрғынның айтуынша, қарулы адамдар тұрғындарға жұма күні оққа ұшқан бес көршісінің мәйітін жинауға бірнеше сағат бойы кедергі жасаған.


Сирияның жаңа үкіметінің өкілдері биліктен қуылған президент Башар Асадтың жақтастары алавиттермен соғысып жатқанын айтты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, билік Асад жақтастарын басып-жаншу кезіндегі «заңсыздықтарды» мойындап, билікті қолдайтын немесе әскери хаос жағдайында қылмыс жасауға ұмтылған ұйымдаспаған қарулы топтарды кінәлады. 


Интернетте бейбіт тұрғындарды дарға асу немесе азаптау бейнеленген видеолар тарады. Комментаторлардың айтуынша, құрбандардың көпшілігі аз дін өкілдері, соның ішінде христиандар да бар. Билік кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді, деп хабарлайды "Әл-Жазира" арнасы.


Кем дегенде ондаған бейбіт тұрғын мен Башар Асад үкіметінің бұрынғы мүшелері Латакиядағы ресейлік әскери базаны паналаған, деп хабарлайды арна. Ресейлік әскери Telegram арналарының жазуынша, әскери базада мыңдаған босқын бар, бірақ бұл ақпаратты әзірге тәуелсіз дереккөздер растамады. Ресей билігі жағдайға түсініктеме бермеді. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Рублев не прошел в третий раунд турнира серии "Мастерс" в Индиан-Уэллсе






Арина Кусургашева стала серебряным призером чемпионата России

Поморские стартапы на пути в «Сколково»: восемь инновационных проектов представили экспертам свои идеи

В иранском порту Чехбехар стартовали учения «Морской пояс безопасности — 2025»

СМИ: Блогерша Александра Митрошина вышла замуж незадолго до задержания