Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақ үй: Иранмен мәселені әскери амалдар немесе келісім арқылы шешуге болады

0
Иран АҚШ президенті Дональд Трамптың ядролық келісім бойынша келіссөз туралы үндеуіне жауап беруден бас тартқаннан кейін сенбі күні Ақ үй Тегеранмен әскери жолмен немесе келісім арқылы да мәселені шешуге болады деп мәлімдеді. 


"Иран режимі өз халқы мен азаматтарының мүддесін террордан жоғары қояды деп үміттенеміз" деді Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өкілі Брайан Хьюз. Оның алдында Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи Тегеран келісімге бармайды деп мәлімдеген еді. 


Тегеранмен келісімге ашықтығын білдірген Трамп өзінің бірінші мерзімі кезінде қолданған қысым тетіктерін (Иранды ғаламдық экономикадан оқшаулау, мұнай экспортын шектеу) пайдалану кампаниясын іске қосты.


2015 жылы әлемдік елдермен жасалған маңызды келісім Иранға оған дейін салынған санкцияны жеңілдетіп, оның өтеміне Иранның ядролық бағдарламасын шектеген. Бірақ Трамп бірінші президенттік мерзімі кезінде АҚШ-ты бұл келісімнен шығарып, 2018 жылы санкция салуды қайта бастады, бұл Тегеранды тездетіп уран байытуға, ядролық нысандарына халықаралық инспекция жасауды шектеуге мәжбүрлеген.


МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси Иран уран байытуды қару-жарақ деңгейіне жақын деңгейге дейін жеделдетуді жалғастырып жатқандықтан дипломатиялық жолдар арқылы бұл әрекетке шектеу қою мерзімі таусылып бара жатыр деді. 


Тегеран сонымен бірге баллистикалық зымыран шығару және орналастыру бағдарламасын әзірлеп, оларды таза қорғаныс сипатында дайындағанын айтқан. Батыста оны Таяу Шығыстағы тұрақсыздықты тудыратын фактор ретінде қарастырады.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Рублев не прошел в третий раунд турнира серии "Мастерс" в Индиан-Уэллсе






Повлияло СВО: в семьях растёт число разводов

РФ и США запросили экстренные консультации СБ ООН по Сирии на 10 марта

На лихом кону: как Дубов заставил Ниманна пройти опрос на полиграфе

«Запросы о-го-го»: Юлианна Караулова обзавелась квартирой в центре столицы