Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы әуежайы қызметкерін кепілге алу ісі: Үш қылмыстық іс қозғалды

0
Алматы әуежайы қызметкерін кепілге алып, пышақпен қорқытқан ер адамға қарсы үш қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде polisia.kz сайты хабарлады. Сот оны екі айға қамаған. Ұсталған адамға үш жылдан 12 жылға дейін түрме жазасы қаупі төніп тұр. 


"Пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында "бомба" бар деп жолаушыларды қорқытқан. Аталған факт бойынша үш қылмыстық іс қозғалды: кепілге алу (261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) - мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (293-бабы 3-бөлігі) - 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (273-бабы) - 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру" деп жазылған полиция хабарламасында. 


Сайттың хабарлауынша, осы оқиғадан кейін елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп, ондағы осал тұстар анықталмақ, бақылау күшейтіліп, әрекет ету алгоритмі жетілдірілмек. 


7 наурыз күні Алматы әуежайында пышақ ұстаған ер адам жолаушыларды тексеру қызметкерін кепілге алған. Мұса Әбдірайым есімді қала тұрғыны тексеруші инспектор болып жұмыс істейтін әйел адамды босатып, оның орнына өзін кепілге алуға келіседі. Мұса Әбдірайым орайы келгенде ер адамның пышағын тартып алады, осыдан кейін кепілге алушы ұсталған. 


Осы оқиғадан кейін Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. 


Ұсталған адам – 67 жастағы Қазақстан азаматы. Оның бұл қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. 


Алматы полициясының хабарлауынша, ұсталған адам былтыр автобуста бір әйелге шабуыл жасап, желтоқсанда бір жылға бостандығы шектелген.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Екатерина Александрова

Александрова не смогла пройти в третий круг турнира в Индиан-Уэллсе






"Мы встречаемся": SHAMAN назвал Екатерину Мизулину своей парой

Грядет концерт в Серпухове: Евгения Петросяна выписали из больницы

SHAMAN и Мизулина объявили, что они встречаются, и поцеловались на сцене

SHAMAN и Екатерина Мизулина подтвердили свои отношения